Кепілдіксіз салынып жатқан тұрғын үйді жарнамалауға тыйым салынады
АСТАНА. KAZINFORM — Құрылыс компанияларының енді салып жатқан тұрғын үйлерді жарнамалауы қаншалықты заңды? Бұл сауалдың жауабын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілінен сұраған едік.

— Жарнама туралы заңда бірыңғай оператордың кепілдіксіз салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйді жарнамалауға тыйым салатын түзетулер көзделген, — деп жауап берді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің құрылыс саласын дамыту басқармасының басшысы Ерлан Күлішев елордада «Атамекен» ҰКП алаңында өткен жиын барысында.
Еске салайық, биыл 30 сәуірде Мәжіліс үлескер ақшасына тұрғын үй салу ережесін жетілдіретін заңды қабылдады.
12 маусымда Сенат үлескерлікті реттеп, азаматтық қорғаныс жүйесін нығайтатын заңдарды қарады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде құрылыс компанияларына кепілдік алу талаптары жеңілдейді.
Сондай-ақ елімізде кейбір тұрғын үй құрылысының проблемаға айналу себептері айтылды.