«Кеплер» телескопы Жерге ұқсас 140 ғаламшарды тапты

АСТАНА. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат - «Кеплер» ғарыш телескопы бес жұлдыздар жүйесін және бірнеше жүздеген жаңа ғаламшар тапты. Ғалымдардың айтуынша, анықталған ғаламшарлардың 140-ы Жерге ұқсас екен. Бұл туралы «Маяк» радиосы хабарлады.
None
None

Ғарыштың тұңғиық түкпірлері түсірілген суреттер ғалам туралы қазіргі ой-тұжырымдарға өзгерістер енгізіп отыр. Бұған дейін Күн жүйесінен тыс жерлерде негізінен газдан түзілген ғаламшарлар ғана бар деп саналып келген болатын. Енді міне, қатты материалдардан да түзілген ғаламшарлардың аз емес екені анықталып отыр.

Соңғы жаңалықтар