Кепілге алынған үш израильдік Газадағы Қызыл крест өкілдеріне берілді

АСТАНА.KAZINFORM - ХАМАС кепілге алынған үш адамды босатты, деп хабарлайды Еuronews.

Кепілге алынған үш израильдік Газадағы Қызыл крест өкілдеріне берілді
Фото: The Times of Israel / Х

Олар отырған көлік Израиль әскерилеріне тапсырылатын орынға жөнелтілді.

Ресей азаматтығын алған 29 жастағы Саша Труфанов, екінші Америка азаматтығын алған 36 жастағы Саги Декель-Чен және Аргентина төлқұжаты бар 46 жастағы Яир Хорн босатылды.

Үшеуі де ХАМАС содырлары 2023 жылдың 7 қазанында Нир-Оз қаласында тұтқынға алынған.

Израиль өз кезегінде 369 палестиналық тұтқынды түрмеден босатады.

Бұған дейін Израиль 15 ақпандағы келесі алмасу аясында босатылатын тұтқындар тізімін жариялағанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар