Кепілсіз тұтынушылық кредиттер 9 айда екі еседен астамға азайды

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл 9 айда кепілді тұтынушылық кредиттер, оның ішінде автокредиттер 4,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты.

карта, кредит, несие
Фото: pixabay.com

- Биыл 9 айда экономикаға берілген кредиттер 14,6 пайызға ұлғайып, 38,7 трлн теңгені құрады. Бизнеске берілген кредиттер 12,1 пайызға өсіп, 14,7 трлн теңгеге жетті. Кепілсіз тұтынушылық кредиттер биыл 9 айда 12,7 пайызға дейін өсті. Өсу қарқыны өткен жылы 29,3 пайызға өсумен салыстырғанда екі еседен астам азайды, - деді Мәдина Әбілқасымова.

Оның дерегінше, кепілді тұтынушылық кредиттер, оның ішінде автокредиттер биыл 9 айда 32,2 пайызға өсіп, 4,8 трлн теңгені құрады.

- Ипотекалық кредиттер жыл басынан бері 10,4 пайызға өсті. Корпоративтік кредиттеу құрылымында шағын және орта бизнес кредиттері 44 пайыз, ірі бизнеске кредиттер 36 пайызды және дара кәсіпкерлерге кредиттер 20 пайызды құрайды, - деді агенттік төрағасы.

Айта кетейік, Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің инфляцияны тежеу шараларын атады.

 

Соңғы жаңалықтар