13:15, 20 Маусым 2024 | GMT +5
Кептеліс болса, демек даму бар — Вице-министр елордалықтардың шағымына жауап берді
АСТАНА. KAZINFORM — Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Сенаттың жалпы отырысынан кейін елордадағы көлік кептелісіне пікір білдірді.

«Іс жүзінде жол салу министрліктің нормативтік құжаттарына кіреді. Дегенмен, бұл — жергілікті атқарушы органның құзіретіндегі шаруа. Онда автомобиль жолдары басқармасы бар. Мұның бәрін солар жоспарлайды», — деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына.
Вице-министр өткен жылы Астананы дамыту мәселесі талқыланғанын, оның барысында тұрғындар да, журналистер де ұсыныс енгізгенін атап өтті.
«Дегенмен, кептеліс — ағымдағы жөндеу жұмыстары. Кептеліс болса, демек, даму жүріп жатыр деген сөз. Ал даму — бұл жақсы», — деді Мақсат Қалиақпаров.