10:12, 06 Қазан 2012 | GMT +5
Кереку өңіріндегі Кенжекөл ауылында спорттық клуб ашылды
ПАВЛОДАР. 6 қазан. ҚазАқпарат - Қала маңындағы Кенжекөл ауылында павлодарлық «Сұңқар» балалар-жастар клубының спорттық филиалы ашылды,

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Ауыл жастары үшін бокс және теннис залдары ашылды, мұнда 90 адам айналыса алады.
«Павлодарда спорттың және жастардың салауатты демалысының дамуына үлкен назар аударылуда. Облыс орталығы мен қала маңындағы ауылдарда спорттық құрылыстар салынуда. Кенжекөлде биылғы жазда жасанды газоны бар спорттық алаң ашылды. Мұнда жас футболшылар дайындалуда, алаңға доп ұстаған ересек кенжекөлдіктерді де көруге болады», - деп атап өтті қалалық спорт және денешынықтыру бөлімі бастығының орынбасары Виктор Корякин.