Керекулік қазақ театры республикалық сыншылар жүлдесіне ие болды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM —  Қазақстан театр сыншыларының бірлестігі 2025 жылғы отандық театрлар шығармашылық үдерістерінің бағыт-бағдарын, репертуарлық саясатын жəне көркемдік ізденістерін анықтау мақсатында жүргізілген мониторинг нәтижесін ұсынды.

Керекулік қазақ театры республикалық сыншылар жүлдесіне ие болды
Фото: Ж.Аймауытов атындағы қазақ театры

Сыншылар жүлдесінде Павлодар облыстық Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры екі бірдей номинацияда жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, «Жыл актерлік ансамблі» номинациясын «Пері қатын» драмалық абсурдымен жеңіп алды. Сондай-ақ, «Бұқаралық ақпарат құралдарымен үздік жұмыс жасаған театр» номинациясында екінші жыл қатарынан үздік шықты.

Керекулік қазақ театры республикалық сыншылар жүлдесіне ие болды
Фото: Ж.Аймауытов атындағы қазақ театры

— «Сыншылар жүлдесі» — шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнер иелерінің еңбегін әділ бағалап, театр қауымдастығы үшін кәсіби бағдар мен рухани ынталандырудың айрықша белгісі. Қазақстан театрларының бүгінгі шығармашылығы мен тыныс-тіршілігіндегі заманауи үрдістер мен үдерістерді дер кезінде айқындап, оларға баға беру мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл кеште тек үздіктер анықталып қана қоймай, отандық театр ұжымдарының жыл қорытындысы ұсынылды. Театр сыншылары жүргізетін мониторинг республикамыздың түкпір-түкпірінде сахналанған премьераларды қамтиды, — деп атап өтті «Қазақстан театр сыншылары бірлестігінен.

Бұған дейін лондондық режиссер Павлодар театрында Брехтің «Пері қатын» драмасын сахналағанын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар