Керлинг спортынан Қазақстан чемпионаты өтті

АСТАНА.KAZINFORM — Астана қаласы «Сарыарқа» мұз айдынында керлинг спортынан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.

Керлинг спортынан Қазақстан чемпионаты өтті
Фото: ҚР Керлинг федерациясы

Байрақты бәсекенің соңғы күні аралас жұптық финалы өтіп, өзара мықтыны анықтады.
Қортындысында, Астана қаласы спортшылары чемпион атанса, Алматы обылысы күміс медаль, Қостанай обылысы қола жүлдені қанжығалады.

Еске сала кетсек, Керлингтен Қазақстан чемпионаты 18 ақпаннан 27 ақпан аралығында Астана қаласындағы «Сарыарқа» мұз айдынында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге еліміздің 8 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.

Чемпионат Ұлттық құраманы жасақтау, халықаралық жарыстарға іріктеу және керлинг спортын өңірлерде дамыту мақсатында ұйымдастырылған.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, керлингтен ел біріншілігінде Астана қаласы аралас командалық сында топ жарды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум