Керлингтен ел чемпионаты: Аралас командалық сында Астана қаласы топ жарды
АСТАНА.KAZINFORM – Елордада өтіп жатқан Керлингтен Қазақстан чемпионатының аралас командалық бәсекесі өз мәресіне жетті.
Тартысқа толы сында, Астана қаласы спортшылары ел чемпионы атанса, Қостанай обылысы мен Алматы обылысы үздік үштіктен көрінді.
Айта кетерлігі, жеңімпаздарды ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев арнайы келіп, марапаттады.

Еске сала кетсек, Керлингтен Қазақстан чемпионаты 18 ақпаннан 27 ақпан аралығында Астана қаласындағы «Сарыарқа» мұз айдынында өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге еліміздің 8 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Чемпионат Ұлттық құраманы жасақтау, халықаралық жарыстарға іріктеу және керлинг спортын өңірлерде дамыту мақсатында ұйымдастырылған.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, әйелдер күресінен 17 жасқа дейінгілер және 20 жасқа дейінгілер арасында ел чемпиондары анықталған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан әйелдер құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлде иеленді.