Кеше кешкісін оңтүстік өңірлердегі республикалық маңыздағы бірқатар жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кеше кешкісін оңтүстік өңірлердегі республикалық маңыздағы бірқатар жолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Атап айтқанда кеше сағат 19:00-ден бастап Алматы-Ташкент-Термез автожолының Жамбыл облысы аумағындағы Айша-Бибі-Оңтүстік Қазақстан облысы шекарасы учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұндай шараны қабылдауға аталған жолдардағы боран мен қалың қардың түсуі себеп болды. Бүгін таңертең сағат 05:30-дан бері бұл учаскедегі қозғалыс қалыпты режимге көшірілді. Сонымен қатар кеше сағат 23:55-те қалың қардың түсуіне байланысты Алматы-Ташкент-Термез автожолының Қордай-Отар аралығында да жүк көліктерінің жолға шығуына тыйым салынды. Бұл жол бүгін сағат 6:30-да ашылды.

Мұнымен қоса, боранның салдарынан Алматы-Ташкент-Термез автожолының Шақпақбаба-Т. Рысқұлов учаскесіндегі барлық көліктердің қолғалысы кеше сағат 23:00-ден бастап шектелді. Осы жол аралығы да бүгін сағат 6:00-де қалыпты режимде жұмыс істей бастады.

Соңғы жаңалықтар