Кеше кешқұрым Алматы облысының аумағында жер сілкінді

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат -Қыркүйектің 12-сі күні кешқұрым Алматы облысының аумағында жер сілкінді. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.
None
None

ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмология институтының мәліметтеріне сәйкес, қыркүйектің 12-сі, сағат 19.10-да Алматы облысының аумағында К=12,0 энергетикалық қуатымен жер сілкінді. Жер сілкінісінің кіндігі Алматы қаласынан солтүстікке қарай 220 шақырым жерде орналасты. Жер асты дүмпулер MSK-64 бағамы бойынша Талдықорған қаласында 3-4 балл, Алматы қаласында - 2-3 балл шамасында байқалды.

ТЖМ-нан анықтағандай, құрбан болғандар мен қирандылар туралы мәліметтер түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар