07:37, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Кеше Павлодардың облыстық кітапханасында Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығына арналған «Бақыт тілеймін, адамдар» атты поэзиялық кеш болды
ПАВЛОДАР. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Студент Саяхат Нұрханым, мектеп оқушысы Фарида Төлеубаева мен Мадина Ұйқыбай Павлодар облыстық кітапханасында Жұбан Молдағалиевтің өлеңдерін шабыттана оқыды.
Кеше өткен «Бақыт тілеймін адамдар» атты поэзиялық кеш «Бір ел- бір кітап» атты акция аясында «Мен қазақпын» кітабы таңдалып алынған авторға арналды.
«Бір ел бір кітап» акциясына керең және есту қабілеттері нашар мектеп-интернаттың оқушылары да қатысты. Олар үшін Жұбан Молдағалиевтің өлеңдері ыммен оқылды.