08:51, 30 Қазан 2009 | GMT +5
Кеше республика жолдарында 3 адам қаза тапты
АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат - Өткен бейсенбі күні республика жолдарында орын алған жол-көлік оқиғаларының салдарынан 3 адам мерт болып, 10 адам түрлі жарақат алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысы, Карамышенское ауылында«ВАЗ» және «Митсубиси» автокөліктері соқтығысып, апат салдарынан бірінші автокөліктің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Сондай-ақ 19 сағат 55 минутта, Қызылорда облысының Ақсу елді мекенінде «Фольксваген» және «ВАЗ» машиналары түйісіп, жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «ВАЗ» автокөлігінің жолаушысы ауруханада жан тәсілім етсе, 6 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.