Кешеден бері АҚШ доллары 2 теңгеге арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 317,06 болды. Кеше күндізгі сессияда бағам 319,16 теңге болған еді.
None
None

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа   сараланған бағамы 317,06 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 91 750 мың АҚШ долларын құрады;

- есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер   жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі теңгемен Т+0 еуро бойынша (EURKZT_TOD) орташа   сараланған бағамы 335,40 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 500 мың еуроны құрады;

- есептесуі еуромен Т+1 және Т+2 теңге бойынша мәмілелер жасалған   жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі еуромен T+0, Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа   сараланған бағамы бір рубльге 5,4822 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 20 600 мың рубль болды.

- есептесуі теңгемен Т+1 Ресей рублі  бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

- есептесуі Т+1 теңгемен қытай юанінің (CNYKZT_TOM) орташа   сараланған бағамы бір юаньға 46,1700 теңгені, ұсыным - бір юаньға -   46,2000 теңгені құрады.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 317,26 теңгені (-1,93 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 132 100 мың (+48 800 мың USD).

Валюталық своп операциялары нарығында:

- USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық +5,7329 % құрады, сауда-саттық көлемі 1 010 000 мың USD;

- USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік жылдық   +5,8507 % құрады, сауда-саттық көлемі 1 067 100 мың USD болды.

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 28 банк қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар