Кешке Астана-Павлодар жолы жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында кешке қарай республикалық маңызы бар барлық жолдар жабылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Қазір жол бойынша шектеу Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында сақталады. 300-ге жуық арнайы техника жұмылдырылып, көктайғақтарға қарсы құм себу және жолды қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дәл қазір Павлодар-Астана және Павлодар- Омбы бағытындағы жолдар ашылды. Алайда кешке қарай Павлодар облысында барлық республикалық маңызы бар жолдар жабылады», - деп мәлім етті «ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілі Диляра Зарлықова.

Оның айтуынша, Шідерті-Қарағанды облысының аумағы, Қалқаман-Қарағанды облысының аумағы, Ленинск-Ақсу-Курчатов, Павлодар - Успенка, Павлодар-Шарбақты жолдары жабық тұр.

«Айта кетерлігі, өткен жылдарға сараптама жасай отырып, республикалық маңызы бар 3,4 мың шақырым жолды жыл сайын қар басып қалатынын байқап отырмыз. Барлық бағыт бойынша 139 жылыну бекеті, 84 құм қоймасы, 198 гараж-тұрағы мен 106 қазандық орналастырылған. Жалпы, 2017-2018 жылдары қысқы уақытта 1 078 арнайы техниканы жолға шығару көзделіп отыр», - дейді Д.Зарлықова.

Соңғы жаңалықтар