18:59, 14 Шілде 2009 | GMT +5
Кеште доллар бағамы 150,79 теңгені құрады- KASE кешкі сессиясының қорытындысы
АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+1 (USD_TOD) және T+2 (USD_SPT) есептері бойынша АҚШ долларымен, Т+0 (EUR_TOD) есептері бойынша еуромен кешкі сауда өтті. Бүгінгі саудаға KASE-нің 5 мүшесі қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат қор биржасына сілтеме жасап.
Т+1 есебімен АҚШ долларының орташа бағамы 1 доллар үшін 150,79 теңгені құрап, сессия көлемі 1 750 мың АҚШ доллары болды.
Т+2 есебімен АҚШ доллары бойынша, сауда жасалмады. Сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.
Т+1 есептері бойынша еуромен де мәміле жасалмады, сұраныс пен ұсыныс болған жоқ.
REUTERS ақпараттық жүйесінде биржадан тыс валюта нарығындағы доллардың индикативтік баға белгіленімі Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де 1 доллар үшін 150,71/150,74 теңгені құрады.