2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Кескен-Күйік: көне қаланың жаңа құпиялары зерттеліп жатыр

Жобаны Еуразияны зерттеу қоғамының қаржылық қолдауымен «Rutrum» ЖШС қолға алды. Қазақстандағы жетекшісі – тарих ғылымдарының кандидаты Дмитрий Воякин.

а
Фото: Қазалы аудандық мәдениет бөлімі

- Цитадельдегі қазба жұмысы барысында 6 құрылыс нысаны, бірнеше қайта құрылу кезеңі және бір бөлмедегі алтарлық орындардың 5 деңгейі анықталды. Құрылыс қабаттарының бірінен жақсы сақталған монета табылды. Алдағы зерттеулер ескерткіштің хронологиясын нақтылауға мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді Қазалы аудандық мәдениет бөлімі.

в
Фото: Қазалы аудандық мәдениет бөлімі

Кескен-Күйік қалашығы ежелгі дереккөздерде Хувара қаласы деп аталады. Ху «жақсы қала», вар «орын» деген мағынаны білдіреді. 

ав
Фото: Қазалы аудандық мәдениет бөлімі

- Көлемі жағынан бұл қала осы аймақта астана болған Жанкент қалашығынан асып түседі. Зерттеу барысында заманауи геодезиялық түсірілім, 3D-сканерлеу, фотограмметрия және аэрофототүсірілім әдістері қолданылды, - делінген хабарламада. 

Мамандар ежелгі шаһарды жүйелі зерттеу Қазалы өңірінің көне тарихы мен мәдени мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеуге ықпал етеді деп есептейді.

в
Фото: Қазалы аудандық мәдениет бөлімі

Еске салайық, Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоспарына сәйкес биыл Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер реставрациядан өтіп жатыр.