Кейбіреулердің қантөгіс қақтығыстар арқылы барлық пиғылдарын мұсылмандардың өз қолымен шешуіне жол берілмейді - РФ Ислам комитетінің төрағасы

Бүгін Астанада өтіп жатқан Х Еуразиялық медиа форумда Ресейдің Ислам комитетінің төрғасы Гейдар Джемаль осылай айтты.
Оның пайымдауынша, Батыстың шейіттер мен сүннитер арасындағы қантөгісті көру арманы бар. Олардың пиғылдарымен барлық проблемаларды мұсылмандардың өз қолымен шешуге жол берілмейді. «Себебі, шын мәнінде жанжал Иран мен Парсы шығанағы елдері арасында емес, бұл келіспеушіліктер Иран мен Парсы шығанағы елдерінің монархиясы арасындағы дауға байланысты»,-деді Г. Джемаль.
Оның пікірінше, осындай қақтығыстарды тудыруға талпынғандар қомақты қаржы салғанымен, алайда олардың бұл пиғылдары іске аспады, яғни шейіттер мен сүнниттер арасындағы соғысқа жол берілген жоқ.
«Иракта АҚШ басқыншылығы кезінде де мазхаб араларындағы жанжалды тудыруға жағдай жасалғанымен, ол да жүзеге аспады және бұндай қақтығыстар болмайды да. Себебі, бүгінде адамдар бейбіт өмір сүру шейіттер мен сүнниттердің бірлігінде екенін жақсы түсініп отыр»,-деп түйіндеді ол.