Кейбір ХҚО-лар алдын ала жазылу қызметіне көшті

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміз бойынша 32 аудандық және қалалық ХҚКО бөлімінде қызмет көрсету алдын ала жазылу форматына көшірілді. 

ХҚО
Фото: Азаматтарға арналған үкімет

Енді тұрғындар өзіне ыңғайлы күн мен уақытты алдын ала таңдап, белгіленген уақытта келе алады, қабылдау тек алдын ала броньдалған талондар бойынша жүзеге асырылады.

— 20 ақпаннан бастап пилоттық жобаға қосымша тағы 22 бөлім қосылды. Бұл, әсіресе шалғай өңір тұрғындарына кезек күтпей, сапарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді, — делінген .

Алдын ала жазылу «ЦОН» және «Egov mobile» мобильді қосымшалары электрондық үкімет порталы талон беру киоскілері арқылы қолжетімді.

Бұл ретте дайын құжаттарды беру, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы және құжаттандыру қызметтері бұрынғы режимде, яғни алдын ала жазылусыз көрсетіледі.

Сонымен қатар келушілердің жекелеген санаттары үшін арнайы жұмыс орны қарастырылған. Ол Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және шетелдік азаматтарға арналған.

Атап өтсек, жоба пилоттық режимде жүзеге асырылып отыр. Талдау қорытындысы бойынша қызметті одан әрі кеңейту және ауқымын ұлғайту туралы шешім қабылданады. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум