Кезекші сыныптарда сабақ уақытын қысқартуға болмайды - Асхат Аймағамбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кезекші сыныптарда сабақ уақытын қысқартуға болмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бізде әдістемелік ұсыныс бар. Кезекші сыныптардағы сабақ ұзақтығы 40 минутты құрауы тиістігіне ұсыныс бар екендігі жайында айтып отырмыз. Сондықтан егер де сабақ уақытын қысқартатын мектептер бар болатын болса, онда біз олармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол бұл жағдайдың мән-жайын анықтайтындығын баса айтты.

«Кейбір әріптестеріміз кезекші сыныптарды 1 сағатқа сыйдыруға тырысса, онда мұндай кезекші сыныптарда сабақ өткізудің мәні жоқ. Бұл ата-аналар үшін де қолайсыздық тудырады. Егер ата-ана баласын алып келіп, бір сағаттан соң алып кетуі тиіс болса, оның үстіне біз үлгілік оқу бағдарламасын игеруі қажеттігін айтсақ, онда бұл дұрыс емес. Сол себепті тиісті жұмыстарды әріптестерімізден қайтадан жүргізетін боламыз», - деді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар