Кезектен тыс аттестаттаудың қорытындыларына сәйкес ОҚО бойынша ТЖ департаментінің 14 қызметкері жұмыстан шығарылады

ШЫМКЕНТ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖ департаментінің 14 маманы кезектен тыс аттестаттаудан өту қорытындыларына сәйкес жұмыстан шығарылады.
None
None

Бұл туралы журналистерге ОҚО ТЖД бастығының орынбасары Бақытжан Құлмағанбетов айтып берді. Белгілі болғандай, 202 офицер аймақтық аттестаттау комиссиясынан өтіп үлгерді. 63 адам қызметін жоғарылатуға ұсынылды. 19-ын қызметте төмендетуге кеңес етілді, 20-сы басқа қызметке жіберілуі тиіс және тағы 14 адам ТЖ қызметіндегі жұмыстарынан шығарылады.

Аттестаттаудан ОҚО ТЖД-нің барлығы 1743 қызметкері өтуі тиіс. Олардың 300-інде офицерлік атақ бар. 1500 қызметкер ғана аттестаттаудан өтеді. Ол үш кезеңнен тұрады - психологиялық тұрақтылық тесті, заңдарды білу және физикалық  дайындығы. Аттестаттаудың қараша айының соңында аяқталуы күтілуде.

Соңғы жаңалықтар