Кезектен тыс Президент сайлауына кемінде 400 халықаралық байқаушы қатысады-ОСК

АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Биылғы жылдың 3 сәуіріне жоспарланған кезектен тыс Президент сайлауына кемінде 400 халықаралық байқаушы қатысады деп күтілуде.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған сұхбатында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев айтты.

Осыған дейін алдын ала хабарланғанындай, кезектен тыс сайлауға халықаралық байқаушыларды тіркеу 7 ақпаннан 28 наурызға дейін жалғасады.

Марат Сәрсенбаевтың сөзіне қарағанда, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері өздерінің ноталарын жолдап, сайлауға қатысатындықтарын және кемінде 400 байқаушы жіберетіндіктерін жеткізген. «Бұған қоса тағы осы халықаралық ұйымның миссиясынан оншақты адам болады. Қорыта айтқанда, сайлау күні қазіргі есеп бойынша кемінде 400 адам болады деген болжам бар. Сонымен қатар ТМД-ға мүше елдерден де байқаушылар келеді деген ойдамыз. Әзірге бізге олардан ешқандай хабар түскен жоқ. Бірақ ТМД-дан келетін байқаушылардың саны осының алдында өткен Президент сайлауындағыдай мөлшерде болады деп болжап отырмыз», - деді ОСК-ның мүшесі.

Соңғы жаңалықтар