16:38, 14 Желтоқсан 2010 | GMT +5
«KFC Ростикс» тамақтандыру желісі өзінің «KFC» толық ребрендингісін жариялады
АТЫ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыда «Mega Alma-Ata» сауда орталығындағы «KFC» жедел тамақтандыру мейрамханасында «KFC Ростикс» тамақтандыру желісі өзінің толық «KFC» ребрендингісіне арналған баспасөз-ланч өткізді.

Тамақтандыру желісінің ребрендингісінің алғашқы қадамы 2007 жылы басталған еді. Желінің Қазақстан аумағындағы коммерциялық концессиясы «Americana Group» компаниясы болып табылады. Ол уақытта «Ростикс» атауы «Ростикс KFС»-ке ауыса батаған-ды. Компанияның Алматы қаласы бойынша аймақтық менеджері Роман Евчеконың айтуынша, тамақтандыру желісі халықаралық стандарттарға сай. «KFC» орталықтары ашылған елдер саны бойынша әлемде алдыңғы орында тұр. Біздің ендігі мақсатымыз Қазақстан арқылы ТМД аумағында желіні дамыту», -деді ол.
«KFC» желісін 1930 жылы американдық полковник Харланд Сэндерз құрған болатын. Тауық етін қуырумен айналысатын желінің әлемде 13 мыңнан астам тамақтандыру орталықтары бар.