ҚФФ құрамаға шетелдік бапкер шақыру туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаға шетелдік маман алдыру үшін келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Бұл туралы meta-ratings.kz сайты жазды. 

ҚФФ құрамаға шетелдік бапкер шақыру туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: ҚФФ

– Қазіргі уақытта Қазақстан футбол федерациясы шетелдік бапкерлермен ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқ, - деді ҚФФ бас хатшысы Давид Лория.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан құрамасын шетелдік маман жаттықтыруы мүмкін деген мәлімет тараған еді. Ықтимал үміткерлер қатарында Руй Жорже, Крис Коулман және Михал Пробежтің есімдері аталды.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін Талғат Байсуфинов атқарады. Оның жетекшілігімен команда ӘЧ-2026 іріктеуінің күзгі циклінде Солтүстік Македония және Бельгия құрамаларымен тең ойнап, Лихтенштейнді жеңген болатын. 

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Қайрат Нұрдәулетовтің «Жетісу» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар