ҚХА атынан сайланатын депутаттардың Сенатта емес, Мәжiлiсте отыратыны тиiмдi - ОСК

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң төменгi палатасы -Мәжiлiске Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан тоғыз депутат сайланатыны белгiлi. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесi Марат Сәрсембаевтың пiкiрiнше, Ассамблея атынан сайланатын депутаттардың Сенатта емес, Мәжiлiсте жұмыс iстеуi тиiмдi.
None
None

"Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастар саласын құқықтық реттеу: этносаралық қатынастардың жай-күйi мен даму мәселелерi" атты дөңгелек үстелге қатысқан ОСК мүшесi Марат Сәрсембаев Парламенттiң төменгi палатасындағы Ассамблея атынан сайланған депутаттар қоғамдық келiсімдi нығайтатын тараптың бiрi, дейдi.

"Парламент Мәжiлiсiне Ассамблея атынан сайланатын тоғыз депутаттың қызметi - елiмiздегi этносаралық келiсiмдi нығайтудың бiр құралы десек болады. Мәжiлiстегi бұл депутаттар тек өз этносы немесе сол этностың атқарушы ұйымы атынан ғана емес, Қазақстандағы этносаралық келiсiмге қатысты мәселелердi көтередi. Оның үстiне, Ассамблея атынан сайланатын депутаттардың жоғарғы палата - Сенатта емес, Мәжiлiсте отыратыны әлдеқайда тиiмдi. Себебi, өзiмiз бiлетiндей, заң жобалары Мәжiлiсте әзiрленедi, барлық бастамалар Мәжiлiсте айтылады. Менiң ойымша, жалпы, мемлекеттiк тұрғыда көзқарас танытатын болсақ, Ассамблея атынан сайланатын депутаттардың Мәжiлiсте жұмыс iстеуi тиiмдi",-деп атап өттi М.Сәрсембаев.

Соңғы жаңалықтар