ҚХА-дан депутаттыққа кандидаттар Павлодарда этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті

«Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, депутаттыққа кандидат Владимир Божко ҚХА-дан ұсынылған бағдарлама халық бірлігі принциптеріне негізделгенін атап өтті.
«Парламент құрамында біз 9 адамнан депутаттық топ қалыптастырамыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы алаңында біз бірлік пен тұрақтылық негізіндегі ұлт мәселелері туралы айтамыз. ҚХА ұраны - «Біздің күшіміз бірлікте». Бірлік негізінде біз мемлекетімізді дамытамыз. Біз қазір Қазақстан халқының біртектілігі мен келісіміне қатысты реформаларды жүзеге асырумен жұмыс жасап жатырмыз. Бұл - «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасы, ҚХА-ның «Үлкен ел - үлкен отбасы» ауқымды жобасы, олар қазақстандық біртектілікті нығайтып, біртұтас азаматтық қоғамды қалыптастыруға жағдай жасайды. Павлодарға келгенімде, мен облыс ҚХА мүшелері өңірде тұрып жатқан ұлыстардың бірлігі мен достығын, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайтуға ұқыптылықпен қарап отырғанын көрдім», - деп атап көрсетті В.Божко.
Облыстық ҚХА мүшелерінің сұрақтарына сондай-ақ Қызылорда ғалымдар мен жасөспірімдер үйінің директоры Наталья Жұмаділдаева және «Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Шаймардан Нұрымов жауап қайтарды.
Атап өтейік, Павлодар облысында 24 облыстық және 83 қалалық және аудандық этномәдени бірлестіктер құрылып белсенді жұмыс істеуде, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 13 филиалы бар. ҚХА жанында «Ақсақалдар алқасы» кеңесі, ғылыми-сарапшылық топ, аналар кеңесі, қоғамдық келісім және жастар қанаты кеңесі жұмыс жасайды.