ҚХА Қоғамдық келісімнің облыстық кеңесі Жолдауды талқылады

"Президент Жолдауында қамтылған бес негізгі басым бағыттардың барлығы бүгінгі күні еліміздің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық бағытында және қауіпсіздігімізді нығайтуда айтарлықтай маңызы бар. Осы орайда, жергілікті жерлерде Елбасы Жолдауын халыққа жеткізу, оны түсіндіру жұмыстарына Ассамблея белсенділері мен этномәдени орталықтар, ардагерлер, басқа да қоғамдық ұйымдар белсене атсалысуда", - деді аталған кеңестің төрағасы Ғосман Төлеғұл.
Сонымен қатар, шара барысында сөз сөйлеген "Ақмола облысының поляктары қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкий, "Чуваш этномәдени орталығы" қоғамдық бірлестігінің кординаторы Күміс Мұратбекова жəне Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Тимур Ысқақов өз пікірлерін білдіре келе, биылғы Жолдау «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізінде экономикалық дамудың жаңа моделін құруды қамтамасыз ететіндігін атап өтті.
Осы бағытта аталған кеңестің 2017 жылғы жұмыс жоспары бекітілді. Еске сала кетейік, Ақмола облысында Қоғамдық келісімнің 240 кеңесі жұмыс істейді. Оның 220-і барлығы 2800 адамды қамтитын ауылдық жерлерде.