ҚХА мүшесі Л.Шик: Елорда әлемнің кез келген астанасымен бәсекеге түсе алады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Астана күнімен Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан және қоғамдық келісім кеңесінің ақсақалдары атынан ҚР ҚХА мүшесі, Қазақстандағы бірінші Халықтар достығы үйін құрған шығысқазақстандық Лео Шик құттықтады.
None
None

«Мереке тарихы 1994 жылдың 6 шілдесімен тығыз байланысты. Бұл күні ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Қазақстанның Жоғарғы кеңесінің қаулысы қабылданды. Бұл идеяны халықтың бірден қолдай кетпегені аға буынның есінде. Біреулер қолымыздан келе ме деп күмәнмен қарады. Мәселен, әл-ауқатты Германия өз астанасын 20 жылдан астам уақыт бойы ауыстырды. Бірақ Елбасының қажыр-қайратының арқасында, ел бірлігінің арқасында біз ғажайып қала тұрғыздық, бүгінде Астана сәулетімен,мазмұндылығымен Еуропа мен Азияның кез келген қаласымен, астанасымен бәсекеге түсе алады. Бейбітшілік пен жасампаздыққа бағытталған барлық бастамалар біздің жаңа астанамыздан тарауда.

Әлемде жалған діндер, қантөгістер орын алған тұста біздің Елбасы Астанада әлемдік діндер съезін, түрлі форумдар өткізуде. Ал қазір біздің Астанамыз «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайындық үстінде. Біздің Астанамыздың болашағы жарқын. Биылғы Астана күні Ораза айт мерекесімен қатар келді, осыған орай барша халыққа бақыт, сәттілік тілеймін!», деді ақсақал. 

Соңғы жаңалықтар