ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы бекітілді

***
Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі)
даму тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуын орта мерзімді перспективада қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 552 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 25, 397-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 28 желтоқсан
№ 148