ҚХА Ресей және Еуразия халықтарының І Форумына қатысты

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы Мәскеуде Тағзым тауында Ресей халықтарынң бірлігі күні шеңберінде Ұлы Отан соғысы Орталық мұражайында өткен Ресей және Еуразия халықтарының І Форумына қатысты.
None
None

Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясымен қатар Қырғыз халқы Ассамблеясы, Молдова халқы Ассамблеясы, Беларусь Республикасының, Армения Республикасының және басқа елдердің делегациялары, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылы, кәсіпкерлік, азаматтық секторды дамыту  бойынша  ұлттық қатынастар саласындағы федералдық және өңірлік деңгейдегі жетекші сарапшылар қатысты. Форум шеңберінде делегаттар ұлтаралық қатынастарды сақтау мен үйлестіру, халықтар достастығы мен еуразиялық ықпалдастық тетіктерін қалыптастыру бойынша азаматтық бастамалардың өзекті мәселелерін талқылады.

  Форум ұйымдастырушылары айтып өткендей, сараптамалық талдаудан және жүйелеуден кейін алқалы басқосуға қатысушылардың ұсыныстары іс-шаралар қарарына кіретінін және жаңа ұлттық күн тәртібін қалыптастыру үшін федералдық билікке таныстырылатын болады. Қорыта келе делегаттар Мәскеуде 2017 жылғы маусымда Еуразия халықтарының съезін өткізу туралы шешм қабылдады, түрлі елдер достастығының халықаралық бірлігі мен достығының белгісі ретінде «Полюс Мира и Дружбы» (2017 жылғы сәуірде) Арктикаға Халықаралық жоғары кеңістікті экспедиция ІІІ жобасына старт берілді, «Еуразия халықтарының Ассамблеясы» қоғамдық қозғалысы құрылды, сондай-ақ «Скайлиф ТВ» Бірінші Еуразиялық телеарнасын құру жобасы қолдау тапты.  Осындай іс-шараның маңыздылығын айтқан  форумға қатысушы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко, Еуразия халықтарының бірлігі - Нұрсұлтан Назарбаев серпін берген еуразиялық кеңістіктегі жағдайды жан-жақты дамыту екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Мәжіліс вице-спикері еуразиялық кеңістікте  дамып келе жатқан бірыңғай мәдени еуразиялық кеңістіктің қалыптасуы үдерістеріне де тоқталып өтті. Онда күннен күнге ұлтаралық қатынастарды  нығайту, достық пен келісімді қолдау қажеттілігі пісіп-жетіліп келеді. Мұнсыз, оның пікірінше, экономика дами алмайды, халық бөлініп кетеді, мәдениет кері кетеді. «Бұл түсінік террористік қауіптің, дінаралық қақтығыстардың кеңеюінен туындайды» - деп басып айтты В.Божко. Сонымен қатар қазақстандық делегат ресей астанасына сапары шеңберінде жоспарларымен бөлісті. «Біз Думада, Президент Әкімшілігінде бірқатар маңызды келіссөздер жүргіземіз. Біздің осы форумға сапарымыз, қатысуымыз Ресеймен және Орталық Азия елдерімен көршілес қарым-қатынастарымызды нығайтудың тағы бір қадамы болмақ», - деді В.Божко.

Форум шеңберінде Тағзым тауында «Мелодии единства» атты Ресей халықтарының мәдениет пен өнерінің конкурс-фестивалі бастау алған Ресей халықтарының мәдениет пен өнері фестивалінің гала-концерті болды. Оның аяқталатын кезеңін 2017 жылғы маусымда Мемлекеттік Кремль Сарайында өткізу жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар