ҚХА жылы аясында 30 мыңнан астам шара өтті - Г.Әбдіқалықова (ФОТО)

Шараға қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының қорытындысын, 2025 жылға дейін ҚХА-ны дамыту тұжырымдасының жобасын және басқа да мәселелерді талқылауда.
«Біздің кеңесіміз қоғамымыздағы конфессияаралық үндестіктің, азаматтық және рухани бастамалардың негізгі үйлесуінің символына айналған Рухани келісім күні қарсаңында өтуде. Бүгін кеңесте «Ұлт жоспары 100 нақты қадам. Барлығына арналған қазіргі заманғы мемлекет» аясында болашағы біртұтас ұлт реформасының басты мәсеелері қаралатын болады», - деді отырысты ашқан ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова.
Оның атап өтуінше, өңірлердегі жұмыс ҚХА жұмысының басты бағыты болып саналады. Мәселен, оның алға тартқан деректеріне қарағанда, ҚХА жылы аясында 30 мыңнан астам әлеуметтік жобалар мен акциялар 8,5 млн. адамның қатысуымен өткен.
«Жылдың барлық іс-шараларының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеяның базалық құндылықтары негізінде қалыптасуы айрықша маңызға ие», - деді Г.Әбдіқалықова.
Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚХА кеңесінің мүшелері, Мәжіліс депутаттары, Қазақстанның қоғам қайраткерлері, сонымен қатар Ресей Халықтар ассамблеясы кеңесінің төрайымы Светлана Смирнова, ресейлік әнші, мәдениет қайраткері Иосиф Кобзон қатысуда.