КХДР билік өкілдерінен басқаларға бензин сатуға тыйым салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйек айының соңынан бастап КХДР-ындағы коммерциялық жанар-жағармай құю бекеттерінде Кореяның еңбек партиялары мен үкіметтің жоғары лауазымды қызметкерлері, қарулы күштер мен мамандандырылған қызмет қызметкерлерінен басқа барлық тұтынушыларға бензин сатылымы тоқтатылды.
Бұл жайлы сәрсенбі күні жапондық Asahi газеті жариялады.
Басылым мәліметінше, бензин сатылымына қойылған қатаң шектеулер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қыркүйек айында КХДР-ға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттауға шектеу қоюына байланысты жанатын газ қорын құруға бағытталған.
Газет қыркүйек айының соңынан бастап КХДР-дың жанар-жағармай құю бекеттері 727 номерінен басталатын автокөліктерге ғана бензин құйып жатқандығын мәлім еткен.