КХДР бірнеше қанатты зымыранын ұшырды

韩国军方指朝鲜今早(28日)发射多枚巡航导弹。
Фото: 路透社/朝鲜中央通讯社

КХДР шығыс жағалауынан бірнеше қанатты зымыран ұшырды. Бұл туралы Yonhap агенттігі жазды.

Дереккөздің мәліметінше, ұшырылым жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00 (Астана уақыты бойынша 05:00) шамасында, Синпо порттық қаласы аймағынан Жапон теңізі бағытында болған.

Оңтүстік Корея әскерилері бақылауды күшейтіп, КХДР әрекеттерін қадағалап, «АҚШ-пен іс-әрекеттерін тығыз үйлестіруде» деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар