16:19, 28 Қараша 2015 | GMT +5
КХДР-да телефон компаниясы номерлерге Ким Ир Сеннің туған күні датасын қосты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореядағы басты телекоммуникациялық қызмет провайдерлерінің бірі - Koryolink КХДР-дың негізін қалаушы Ким Ир Сеннің туған жылымен сәйкестендіру үшін өз абоненттерінің кодын ауыстырды, деп хабарлады РБК.

КХДР астанасы Пхеньяндағы ақпарат көзіне сілтеме жасаған Daily NK оңтүстіккореялық басылымының ақпаратынша, оператор номерлерінің алғашқы үш саны «191» болды. Алайда мемлекетті құрылғанынан бастап 1994 жылға дейін басқарған Ким Ир Сен құрметіне арналған насихаттау науқаны аясында компания алғашқы сандарды жетекшінің туған жылына - 1912 сандарына сәкестендіру міндеттелді.