КХДР-дан қауіптенген жапондықтар жерасты бункерлерін жаппай сатып алып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея тарапынан жасалуы мүмкін шабуылдарға байланысты Жапонияда жаппай жерасты бункерлерін сатып алу басталды.

КХДР-дан қауіптенген жапондықтар жерасты бункерлерін жаппай сатып алып жатыр

Қорғаныс қамалдарын салуға мамандандырылған Oribe Seiki Seisakusho компаниясының сатылымдары арта түсті. Бұл жайлы Vice ақпараттық порталы берген хабарламада айтылған.

Сатып алушылар қорғаныс ғимараттарының салынуына ұзақ уақыт жұмсалатындығына қарамастан, олардың  жылдам жеткізілуін талап етуде.

Айта кетейік, бұған дейін КХДР тарапынан АҚШ әскери базасы орналасқан Гуам аралына соққы беруге дайындық жасалып жатқандығы жайлы хабарланған болатын.