КХДР-дан Оңтүстік Кореяға келетін босқындар саны артты

АСТАНА. KAZINFORM - Өткен жылы КХДР-дан Корея Республикасына келген босқындар саны 2022 жылмен салыстырғанда үш есе артып, 196-ға жетті. Бұл туралы The Korea Herald жазды. 

Босқын
Фото: Sebastian Gollnow/dpa/picture alliance

Кореяаралық қатынасқа жауапты Бірлесу министрлігінің мәліметінше, жаңадан келген 32 ер адам мен 164 әйелдің келуі Оңтүстік Кореядағы босқындар санын 34 078-ге жеткізген. 

Сондай-ақ 2023 жылы Оңтүстік Кореяға келгендердің 99-ы 20 мен 30 жас аралығындағылар екені анықталды.

2021 және 2022 жылдары шекараның жабылуына байланысты солтүстіккореялық босқындар саны сәйкесінше 63 және 67-ге дейін қысқарды. Министрліктің мәліметінше, бұл 2009 жылғы рекордтық көрсеткіштен күрт төмендеген.