КХДР-дің ядролық полигоны маңында екі рет жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Солтүстік Кореяда ядролық полигон маңында екі жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

КХДР-дің ядролық полигоны маңында екі рет жер сілкінді
Фото: earninginmotion.com

2,7 магнитудалы бірінші жер сілкінісі Солтүстік Хамген провинциясында Кильджудан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым қашықтықта болған. Бұл туралы Корея метеорологиялық басқармасына сілтеме жасап жазды.

Екінші зілзаланың магнитудасы – 2,3, ол Кильчжудан солтүстік-батысқа қарай 42 шақырым қашықтықта тіркелді.Кильджуде Пунгье-ри ядролық полигоны орналасқан, онда КХДР 6 рет ядролық сынақ өткізген болатын.