КХДР қуатты соққы әлеуетін дамытуды жалғастырады - Ким Чен Ын

ПХЕНЬЯН. ҚазАқпарат – Корей халық демократиялық республикасының (КХДР) басшысы Ким Чен Ын қуатты соққылар әлеуетін дамыту жалғастырылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ЦТАК агенттігі жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

ЦТАК ақпараты бойынша, Ким Чен Ын «Хвасон-17» құрлықаралық жаңа баллистикалық зымыранын сынауға үлес қосқан әскерилермен және ғалымдармен кездесу барысында осындай мәлімдеме жасаған. Ол КХДР «елдің қорғаныс қабілетін нығайту және Корей халық армиясының қарулануына мүмкіндік беретін күшті шабуыл құралын жасау бағытындағы мақсатқа жетуді жалғастыратынын» айтқан.

Солтүстік Кореяның орталық «Нодон синмун» газеті «24 наурызда КХДР-дың «Хвасон-17» континентаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізуі - ел үкіметі мен халқының «зор жеңісі» деп жазады. ЦТАК агенттігі 25 наурызда КХДР Ким Чен Ынның тікелей бұйрығымен «Хвасон-17»-ні сынақтан өткізгенін растады.

Солтүстік Кореяның мәліметінше, зымыран шамамен 1090 шақырымға ұшты, ал максималды ұшу биіктігі - 6248 шақырым. Құрлықаралық баллистикалық зымыран 68 минут ауада болды, содан кейін Жапон теңізіндегі шартты нысанаға тиді.

Жапония Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, зымыран елдің айрықша экономикалық аймағына (Осима түбегінен батысқа қарай 150 шақырым) түсті.

Соңғы жаңалықтар