КХДР тұрғындарды жаппай эвакуациялау жаттығуларын жүргізді - БАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея соғысқа дайындықпен байланысты тұрғындарды жаппай эвакуациялау жаттығуларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды NK News порталы. 

КХДР тұрғындарды жаппай эвакуациялау жаттығуларын жүргізді - БАҚ

Портал мәліметіне қарағанда, жаттығу жұмыстары елдің барлық аумақтарындағы шағын қалаларда жүргізілуде. КХДР  астанасы Пхеньян оқу-жаттығуларға қатысқан жоқ.

КХДР билігі  жарықтың сөндірілуін түнгі уақыттарда жүзеге асырды. «Аталған шара жау авиациясының назарына ілікпеуге мүмкіндік береді», - деп жазды портал.