КХДР уақыт жапондықтардан өзгеше болу үшін сағатты 30 минут кері шегереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР бр аптадан кейін жаңа уақыт стандартына ауысады, яғни барлық ел бойынша сағатты 30 минутқа кері шегереді, деп хабарлады ТАСС.
None
None

Бұл ел 15 тамызда аталып өтілетін Кореяның жапондық басқыншылықтан азат етудің 70 жылдығын осылайша атап өтпек, деп хабарлады КОТА агенттігі.

Агенттік жаңа стандарт астрономиялық уақытқа сәйкес келеді және Жапония уақытынан өзгеше болатынын атап өтті.

«Жапон импералистері Кореяны өз уақытынан айырып, кешірілмейтін қылмыс жасады», - делінген хабарламада.

Корея жарты аралы 1910-1945 жыл аралығында жапон отарында болды, сол кезде колониялық билік барлық Кореяға жапондық уақытты белгілеген.

Сеул жаңа уақытқа ауысу бойынша КХДР жоспарын мақұлдамады.

Соңғы жаңалықтар