КХДР жаңа үлгідегі қанатты зымыранның алғашқы сынақтарын жариялады

24 қаңтарда Солтүстік Корея әзірленіп жатқан Пулхвасар-3-31 стратегиялық қанатты зымыранының жаңа түрін алғаш рет сынақтан өткізді.

КХДР
Фото: ТАСС

Сынақты КХДР зымыран құрау ғылымының бас басқармасы жүргізді. Бұл туралы Кореяның орталық ақпарат агенттігі хабарлады.

- Зымыранды ұшыру қоршаған елдердің қауіпсіздігіне әсер еткен жоқ және аймақтағы жағдайға еш қатысы жоқ, - делінген хабарламада.

Басқарма бұл сынақтар КХДР-дың «қару жүйелерін үздіксіз жаңарту процесі» аясында жүргізілгенін айтты.

Корея Республикасы Қарулы Күштерінің Штаб бастықтары комитеті бұған дейін КХДР 24 қаңтарда Сары теңізге қарай бірнеше қанатты зымырандар ұшырғанын хабарлаған.