ҚХЛ: Астаналық «Барыс» хоккейшілері кезекті жеңіске жетті
Атап айтқанда, Ханты-Мансийскіде өткен кездесуінде астаналық «Барыс»командасы «Югра» хоккейшілерін 1:3 есебімен ұтты.
Турнир кестесіне тоқталатын болсақ, бүгінде ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 62 ұпай жинаған «Барыс» 6 орында, ал «Югра» (59 ұпай) 8 орында тұрақтады.
Осының алдындағы ойынында «Югра» «Нефтехимик» командасына 3:6 есебімен ұтылған болатын. Астаналық команда керісінше «Металлург» хоккейшілерімен болған кездесуін 2:1 есебімен жеңіспен аяқтады.
Ханты-Мансийск командасымен «Барыс» үш мәрте кездесіп, оның екеуінде «югралықтар» ұтты. Естеріңізге салсақ, қос команданың соңғы кездесуінде астаналық хоккейшілер өз айдынында «Юградан» 0:7 есебімен жеңілген еді.
Айта кетейік, астаналық команда бүгін Омбыда «Авангард» командасымен кездесетін болады.