ҚХЛ: «Барыс» алдағы ойынға қатысатын құрамын жариялады
Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы алдағы ойынға қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Елордалық команда Ресейде 19 желтоқсанда «Салават Юлаев» (Уфа), 21 желтоқсанда «Нефтехимик» (Нижнекамск) командаларына қарсы екі ойын өткізеді.
Аталған ойындарға қатысатын хоккейшілер тізімі:
Қақпашылар: Юргис Дубинскас, Эдвард Паскуале, Андрей Шутов.
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Нельсон Ножье, Эмиль Нұрғалиев, Кирилл Полохов, Давид Скленичка, Кристиан Хенкель, Егор Шалапов.
Шабуылшылар: Даниил Апальков, Әлихан Әсетов, Дмитрий Гурков, Энтони Камара, Джозеф ЛаБейт, Всеволод Логвин, Батырлан Мұратов, Понтус Оберг, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Роман Старченко, Рудольф Червени, Аркадий Шестаков.
Ойын кестесі (Астана уақытымен):
19 желтоқсан. 20:00. «Салават Юлаев» - «Барыс»;
21 желтоқсан. 22:00. «Нефтехимик» - «Барыс».
Еске салсақ, бұдан бұрын Бірінші арна кубогын Қазақстан хоккей құрамасы 3-орынмен аяқтаған еді.