ҚХЛ: «Барыс» «Авангардтың» мысын баса ала ма

АСТАНА. KAZINFORM — Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында астаналық «Барыс» өз айдынында бүгін омбылық «Авангард» клубын қабылдайды.

Барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Аталмыш ойын Қазақстан уақытымен сағат 16.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Биылғы маусымда астаналықтар Омбыда «Авангардқа» 0:4 есебімен есе жіберсе, елордада сәл басымдылықпен ұтқан болатын – 1:0.

Қазіргі таңда «Авангард» 24 ұпаймен Шығыс конференциясында 10-орында тұрса, одан төрт ұпайы кем «Барыс» 11-сатыда келеді.

Өткен турда астаналықтар өз айдынында күтпеген жерден көш соңындағы «Амурдан» (Хабаровск) 0:3 есебімен ұтылып қалған еді. Ал «Авангард» Омбыда «Адмиралды» (Владивосток) 2:1 есебімен тізе бүктірді.

«Барыс» пен «Авангард» соңғы бес ойынның үшеуінде жеңіске қол жеткізген еді. Бұл жолы қалай болады, ол айдынға шығатын хоккейшілердің шеберлігіне байланысты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» Ресейде «Сочи» командасынан басым түскенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар