ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Адмирал» клубымен ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 22 ақпанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізеді.

Барыс
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ойын елорда уақытымен 17:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 38 мәрте кездескен. Оның 19-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 29 ұпаймен 23-орында тұрса, «Северсталь» 58 ұпаймен 16-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі үш ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 26 ақпанда Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) клубына қарсы өткізсе, одан кейін 28 ақпанда «Лада» (Тольятти), 2 наурызда «Трактор» (Челябі) командаларымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасына есе жіберді.

 

Соңғы жаңалықтар