ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Ак Барс» командасын қабылдайды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 16 қазанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Ак Барс» (Қазан) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 16 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Авангард» 21 ұпаймен 5-орында келеді.
Елордалық клуб бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 24 қазанда «Амур» (Хабаровск) клубымен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Барыс» алты ойынға созылған сәтсіздік сериясын тоқтатты.
Олар Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасын 6:2 есебімен жеңді.