ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Амур» командасымен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 9 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 19:00–да басталады.
Екі команда бұған дейін 54 мәрте кездескен. Оның 24-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.
Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Айта кетсек, жаңа маусымға дайындық аясында «Барыс» хоккей клубы Астанада өткен Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасымен екі бақылау ойынында (3:2, 3:1) жеңіске жетті.
Айта кетсек, биыл елордалық клубпен АҚШ хоккейшілері Иэн Маккош, Майкл Веккьоне, Райли Уолш, Тайс Томпсон, канадалық Джейк Масси, ресейлік Владимир Волков, Эмиль Галимов, қазақстандық Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Батырлан Мұратов, Роман Старченко және өзге де ойыншылар келісімшартқа қол қойды.
Қазақстандық клуб Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымда бұдан кейінгі бір ойынды елордада 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» командасы «Трактордан» овертаймда басым түсті.