ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Автомобилистпен» кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 25 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:30–да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазірге дейін командалар 59 мәрте шеберлік байқасты. Оның 33-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.
Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.
Турнир кестесінде «Барыс» 34 ұпаймен 17-орынға жайғасса, «Трактор» 45 ұпаймен 9-орында келеді.
Қазақстандық клуб бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 27 желтоқсанда Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан екінші мәрте жеңілді.