ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Салават Юлаевпен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 21 қарашада Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізеді.

барыс
Фото: «Барыс» хоккей клубы

Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін командалар 64 мәрте шеберлік байқасты. Оның 22-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.

Кейінгі бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Турнир кестесінде «Барыс» 25 ұпаймен 18-орынға жайғасса, «Салават Юлаев» 23 ұпаймен 19-орында келеді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін тағы бір ойынын елордада өткізіп, 23 қарашада Ресейдің «Авангард» (Омбы) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» овертаймда «Сочиден» басым түсті.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум