ҚХЛ: «Барыс» бүгін елордада «Сочиге» есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 21 желтоқсанда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізді.

п
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Елордалық команда қатарынан екі мәрте жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алған еді. Жанкүйерлер «Барыс» сол сәттілік сериясын жалғастыратынына үміт артқан болатын. Дегенмен ресейлік команда жинақы қимыл көрсетіп, ұпай қорын молайтуға тырысты.

Кездесу барысында «Сочи» қатарынан еекі шайба соғып кетті. Алдымен 3-минутта Денис Венгрыжановский есеп ашса, 4-минутта Даниил Сероух мергендігімен көзге түсті.

Ал 5-минутта «Барыс» сапынан Семён Симонов гол соқса, 10-минутта ресейлік клубтан Артём Волков басымдықты арттырды.

Ойынның 34-минутында «Сочи» сапынан Кэморон Ли, 58-минутта Денис Венгрыжановский қанжығасын майлады.

Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді.

Қазақстандық клуб бұдан кейін үш ойынын елордада өткізеді. Алдымен 23 желтоқсанда Ресейдің «Трактор» (Челябі) клубымен ойнаса, 25 желтоқсанда «Автомобилист» (Екатеринбург), 27 желтоқсанда «Амур» (Хабаровск) командаларымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар